Жан қызым Айналайын, қарашығым, мөлдірім, Бөгей алсын өмір салған жолды кім? Сені үйімнен кетеді ұзап дегелі, дегелі, Жанарымның шарасына толды мұң. Сен мен үшін орны бөлек дарасың, Бақшамдағы тапқан гүл ең жарасым. Табиғаттың жұбай болу жолы-ғой, жолы-ғой Сол жолменен құс боп ұшып барасың. Мөлдір қызым, көзімдегі нұрғайсың, Енді басқа үйдің бағын жырлайсың. Бақытты бол, айналайын, алтыным, Барған жерге балдай батып, судай сің. Сен мен үшін баға жетпес асылсың, Сүйген жарың сән күйіңді асырсын. Бақытты бол, бақытты бол, жан қызым, жан қызым, Барған жерде бағың гүлдей ашылсын. Мөлдір қызым, көзімдегі нұрғайсың, Енді басқа үйдің бағын жырлайсың. Бақытты бол, айналайын, алтыным, Барған жерге балдай батып, судай сің. Бақытты бол, айналайын, алтыным, Барған жерге балдай батып, судай сің. Жан қызым .