[00:20.50]Айналайын, қарашығым, мөлдірім, [00:26.96]Бөгей алсын өмір салған жолды кім? [00:33.69]Сені үйімнен кетеді ұзап дегелі, дегелі, [00:41.44]Жанарымның шарасына толды мұң. [00:47.77]Сен мен үшін орны бөлек дарасың, [00:54.27]Бақшамдағы тапқан гүл ең жарасым. [01:01.40]Табиғаттың жұбай болу жолы-ғой, жолы-ғой [01:08.75]Сол жолменен құс боп ұшып барасың. [01:15.21]Мөлдір қызым, көзімдегі нұрғайсың, [01:21.81]Енді басқа үйдің бағын жырлайсың. [01:29.10]Бақытты бол, айналайын, алтыным, [01:35.72]Барған жерге балдай батып, судай сің. [01:48.28]Сен мен үшін баға жетпес асылсың, [01:54.03]Сүйген жарың сән күйіңді асырсын. [02:01.71]Бақытты бол, бақытты бол, жан қызым, жан қызым, [02:08.79]Барған жерде бағың гүлдей ашылсын. [02:15.81]Мөлдір қызым, көзімдегі нұрғайсың, [02:22.14]Енді басқа үйдің бағын жырлайсың. [02:29.20]Бақытты бол, айналайын, алтыным, [02:35.76]Барған жерге балдай батып, судай сің. [02:48.45]Бақытты бол, айналайын, алтыным, [02:54.34]Барған жерге балдай батып, судай сің. [03:05.30]Жан қызым .